Іссапардың мақсаты: ҚХР мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайту, мемлекеттер арасындағы экономикалық және ынтымақтастық қатынастарды дамытуда ынтымақтастық пен серіктестіктің тиімді нысандарын іздеу.
Іссапар бағдарламасына Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовпен, «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Н.Келімбетовпен, ҚР Индустрия және жаңа технологиялардың бірінші Вице-Министрі А.П.Раумен, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы М.С.Нарықбаевпен, Алматы қаласының бас сәулетшісімен ұйымдастырылған кездесу де енді.