Қазақстанның қазіргі жағдайында шағын бизнестен орта бизнеске өту бизнестің мемлекеттік органдармен және/немесе оның өкіл адамдарымен тиімді ынтымақтастықтың бизнес дағдысы, әдістері мен тәжірибесі болған кезде ғана мүмкін.
Ірі бизнестің жұмысы негізінен, мемлекеттік органдарға тікелей тәуелді (техникалық немесе ресурстық бірігу) болып табылатын мемлекеттік құрылымдармен немесе құрылымдармен тікелей немесе жанама түрде өзара әрекеттестікке негізделген. Мысалы, салалық өзін-өзі басқару ұйымдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заң шығарушы органдар және т.б.
Бұл жағдайда бизнесті ынталандырудың құралдары төмендегілер болмақ:
- Бизнестің мемлекеттік құрылымдар ұйымдастырған тендерлерге немесе үкіметтің бірлескен бизнеске қатысуы.
- Қор құралдары мен белгілі бір салаларда және аймақтарда мемлекеттік саясатты ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және өткізу барысында пайда болатын олардан туындаған құралдарды қалыптастыру.
- Мемлекеттік орган белгілеген мемлекеттік басқару режимдері мен жағдайларында белгілі бір мемлекеттік бағдарламаларға негізделген бизнестің міндеттемелерін қайта құрылымдау.
- Бизнеске әкімшілік және салық жүктемесін беретін нормативтік орта қалыптастыру (күрделендіру немесе керісінше, жеңілдету), сондай-ақ бизнестің немесе экономиканың жеке салаларын дамыту болжамына әсер ету.
- Басқа мемлекеттермен және бизнес өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық ахуалын қалыптастыру.
- Табиғи немесе қалыптасқан монополиядан өнімді жеткізу шарттарын, бағалары мен квоталарын мемлекеттік реттеу.
- Жұмыс күші мен инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін мемлекеттік реттеу.
- Бизнесті сыртқы бизнес интервенциясынан қорғау. Мысалы: мықты шетелдік бәсекелестікпен соқтығысқан өнеркәсіптік сала өзіне мемлекеттің сауда саясаты түрінде қорғауын сұраған.
- Субсидия түрінде мемлекеттің қолдауына ие болу және жер ресурстарын ең төменгі бағамен алу құқығына ие болу. Мысалы: XX ғасырда экономикалық дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттерде мемлекеттен бірнеше рет ең төменгі бағаға жер мен субсидия алған.
- Салық жеңілдіктері мен ашық мемлекеттік дотацияларға дейінгі әртүрлі түрде көмек алу мүмкіндігі.
- Бизнеске түсетін әкімшілік бизнесті төмендету.
Мемлекет белгілеген ережелерді реттеудің күрделі өрмегі іскери белсенділіктің көптеген аспектілерін анықтайды. Жыл сайын мемлекет мыңдаған беттен тұратын және көбіне кәсіпкерлердің не істеуіне болатынына, не істеуіне болмайтынына қатысты толық нұсқаулықтары бар жаңа реттеу ережелерін шығарады.
Үкіметпен байланыс жөніндегі құрылым қызметтерін ұйымдастыру бойынша тәсілдер
GR қызметтің беретін мүмкіндіктері оны меңгеру және бизнесті дамыту әрі қорғауда қолдану жолдарындағы үздіксіз ізденісті тудырмақ. Біздің байқауымызша, Қазақстанда GR мүмкіндіктерін жүзеге асырудың бірнеше тәсілдері бар:
- Спонтандық
- Рулық GR бенчмаркинг немесе әлеуметтік ортаның GR бенчмаркингі
- Жобалық менеджменттің құрамдас бөлігі ретіндегі GR менеджмент
Спонтандық тәсіл толық жүйесіздігімен сипатталады. GR коммуникациялары белгілі бір мәселелерді шешу үшін немесе нақты тендерді алу үшін ғана, сенімсіздікпен құрылған.
Қатынас әдістері тараптардың мүмкіндігінше, «алғыс айтуымен», «откатпен» немесе «бартермен» шектеледі.
Қатынастардың көрсетілген түрі белсенді емес және тараптардан ұзақ мерзімді кезеңдегі жоғары өзара тиімділікті қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, бұл тәсіл заңнаманы бұза отырып жүзеге асады және осал әрі кәсіпорынның немесе жеке жобаның тұрақсыз дамуын қалыптастырады және мемлекеттік орган тарапынан жазалау шараларының қаупі болады.
Рулық GR бенчмаркинг немесе әлеуметтік ортаның GR бенчмаркингі
Бұл әдіс отбасы ішіндегі өзара әрекеттесу мен «тәтешка», «ағашка», «інішек», «бауырым» және т.б. тәрізді шағын әлеуметтік топтардың деңгейіндегі қатынас ережелері мен дәстүрлерінің жүйесіне негізделген.
Бұл тәсіл анағұрлым ұзақ мерзімді әрі ереже бойынша, аса жемісті. Тараптар жай ғана бір-бірін пайдалануға ұмтылмайды, олар қарым-қатынас тұрақтылығының, өзінің барлық тараптарының ынтымақтастығынан неғұрлым көп дивиденд алудың сәттілігі мен мүмкіндіктері туралы қамқорлық тетіктерін өндіреді және ұстанады. Кейде таза материалдық сыйақының жоқтығын стратегиялық ұзақ мерзімді нәтижелер қалпына келтіреді, бұл адамдар руының немесе тобының айтарлықтай мүмкіндіктерін ашатын саяси әсердің күшеюінен, жаңа саланы, жаңа технологияларды меңгеруден немесе іске қатысушылар арасындағы ғана емес, сондай-ақ олардың сыртқы экономикалық, саяси және әлеуметтік ортамен қатынастарының ұлғаюынан көрініс табады.
Бұл тәсілдің кемшілігі – қандық туыстықпен, жерлестікпен немесе шағын әлеуметтік топ қатынастарының басқа түрімен шектелген аталмыш арнаның тарлығы болып табылады. Бұл тәсілдің мүмкіндіктерін толық меңгеру үшін біреудің туысқаны болу керек немесе балалық шақтан бастап белгілі бір шағын әлеуметтік ортаға тиесілі болу керек.
Мүмкіндіктер құрамында қазіргі индивид бар шағын әлеуметтік топтың мүмкіндіктерімен шектелгендігі де маңызды болып табылады. Басқа мүмкіндіктерді индивид басқармайды және шағын топтың тұрақтылығы мен күші жойылған жағдайда тізбек бойынша мүмкіндікті шектеу бүкіл топқа тарайды.
GR менеджмент – ұйымдастырудың құрамдас бөлігі ретінде
Бұл жобада да алдыңғы тәсілдің қырлары бар, бірақ оның кемшіліктері жоқ.
Бұл тәсіл барысында бизнес мүмкіндіктері туыстықпен немесе шағын әлеуметтік топқа тиесілі өзге белгілермен шектелмейді.
Бұл тәсіл кезінде бизнес аталмыш қатынастарды тудыратын қатынастарды және нәтижелерді өзі басқарады.
Бұл тәсілдің «жағымсыз» қыры – ол мықты тәртіпті және өзін-өзі үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етуден, GR технологияларын оқумен және GR бизнес процестерін мүлтіксіз орындаудан тұратын кәсіби дайындықтың белгілі бір деңгейін талап етеді.
Сондай-ақ бұл тәсілді жобалық басқарудың теориясы мен тәжірибесін дұрыстап түсінбей, жүзеге асыру мүмкін емес екендігін атап өткен жөн.
Сөз соңында айтарым, біздің ұйымның жұмыс тәжірибесі және өзімнің жеке тәжірибем компаниядағы GR құрылымдарын дамытуға салынған кез келген инвестицияның орны толып қана қоймайды, олар жеке тендерлермен және тұтас нарықтармен күресудегі шешуші фактор болып табылатындығын көрсетеді.
Біздің клубтан GR менеджмент бойынша білім ала аласыз, GR технологияларын игерген және бизнесіңізді айтарлықтай күшейтетін кәсібилердің базасына қол жеткізе аласыз.
Қазыбек Шайх. Project management элементтері GR (үкіметпен байланыс) құралы тәрізді.// «Орта Азиядағы жобаларды басқару» атты екінші халықаралық форум. Жаңа технологиялар» . 2012 жылғы 3-5 мамыр.
Сканерден өткізілген нұсқасы
1-бет
- Ализа Шайх. Өзіміз таңдайтын тағдыр.// Бизнес и власть, 02.11.2012
- Рустем Адамбаев.Сыбайлас жемқорлық па немесе GR ма?//z001.kz 13.11.2012
- Қазыбек Шайх.Бойыңызда GR кәсіпқойлықтың болмағанына ешқашан да көзіңізді жұмып қарамаңыз!!!//Меридиан. №2, 2012
- Қазыбек Шайх. Қазақстан шенеуніктерінің болашағы.//VIPlisting.biz. 05.09.2012.
- Ализа Шайх. Қыздар басқарып келеді!!! GR-технология табысы мол әрі мейірімді күйеу жасау мүмкіндігі.//VIPlisting.biz. 30.08.2012.