- Біріншіден, бұл іс маған нағыз рақат сезімін сыйлайды, мен өз ісіммен шұғылданып жүргенімді сезінем. Екіншіден, бизнесті таңдаған кезде даму кеңістігі бар бағытты қарастыру қажет. Қазақстанда селфбрендинг индустриясына әзірше халықтың зияткерлік жағынан дамыған топтары ғана қол жеткізген. Біздің ұсынған қызметтеріміздің ерекшелігі даму кеңістігін береді. Сонымен қатар жергілікті нарықта біздің мүмкіндігімізге тең келетін бәсекелестің пайда болуына уақыт қажет, тиісінше біздің клиенттерге ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіп, жобаға еліміздің ең үздік кәсіпқойларын тартып, клиенттер үшін бағасын қолайлы ете отырып, көшбасшылық орынды сақтап қалу мүмкіндігіміз бар.
- Селфбрендинг терминінің жалпыға мәлім түсініктемесінен басқа осы термин туралы не айта аласыз?
- Мен клиенттерге селфбрендингтің не екендігін түсіндіру кезінде төмендегілерді айтамын: компания мен тұлғаның табысы екі негізгі компоненттен қалыптасады:
1) кәсіпорын немесе нақты тұлға ұсынатын тауардың немесе қызметтің қажеттілігі,
2) нарықтағы басшының немесе компанияның беделі. Сонымен бірге егер нарықта сіздің ең болмаса бір бәсекелесіңіз болса, дәл сіздің беделіңіздің айқындаушы фактор болатындығына келісесіз ғой? Әдетте, жобалау алдындағы зерттеуде біз клиентпен оның стратегиялық және операциялық жоспарларын талдауды бастаймыз, осы кезде компанияның дамуы үшін маңызды құжаттар әкімшілік мәселелер, өнім желісі, кей жағдайда маркетинг жоспары бойынша ғана компанияның даму жұмысы мен индикаторын байқаймыз, бірақ ешқашан да көрсеткіштердің селфбрендингін әзірлеу шешімдері мен шаралары бойынша жоспар болмайды. Ал бұл өте маңызды мәселе. Басшының беделі сатылымның артуына ғана әсер етіп қоймайды, беделді басшы ұжымды тиімді басқарады, серіктестермен және мемлекеттік органдармен сауатты қатынас орнатады. Басқаша айтсақ, басшы селфбрендинг технологияларын меңгерсе, бұдан бәрі пайда көреді. Селфбрендинг – бұл тұлғаның беделді болу мүмкіндігін көрсету, күшейту және меңгеру ілімі, шеберлігі және технологиясы.
- Жалпы, біздің отандастарымызға өзінің брендін қалыптастыру шеберлігі мен білімін қажет ету қайдан келді? Меніңше, 10 қазақстандықтың сегізі селфбрендингтің не екендігін естісе, олардың екеуі ғана осы селфбрендингпен айналысу туралы ойлануы мүмкін...
- Бәрі де тәжірибеден туындады. Біз бизнес-консалтинг саласында 12 жылдан бері қызмет етіп келеміз. Бренді үшін мақсатты түрде қызмет еткен біздің клиенттеріміз қазірде жоғары бәсекеге қабілетті, бизнесмендер туралы сөз қозғасақ, олардың сатылым көлемі жоғары, саясаткерлер туралы айтсақ, олар мемлекетті дамытуға нағыз қажетті бағдарламалар ұсынуда... Өз брендін құру және дамыту бойынша консалтинг, коучинг және тренингтен өту кезінде біздің клиенттеріміз біріншіден, өздерін түсіне бастады, өздерін шабыттандыратын, толқытатын, қызықтыратын істерін түсінді, олар өздерінің икемін сезініп, енді сол қызметпен ғана шұғылдануда, екіншіден, адам өзінің икемін тапқан кезде, бұл не табыс әкеледі, не өзіне өзі қанағаттану сезімі пайда болады, бірақ бұл табысты да, өзін өзі қанағаттандыруды да әкелетін жағдайлар жиі болып жатады. Олар өздерінің шынайы «Менін» көрсетіп үйренді және сол салада брендке айналды. Біздің клиенттеріміздің барлығы дерлік өз брендінің концепциясын қалыптастырып, соған толығымен сәйкес келеді. Өйткені олар өздерінің ішкі мазмұнына толығымен сәйкес.
- Сіздер бұған қалай үйретесіздер?
- Тренинг нысанында. Біздің арнайы әзірлеген «Selfbranding» бағдарламамыз бар, оған әлемдік ауқымдағы продюсерлер қолданатын тұлға брендін қалыптастыру және промоушннің барлық технологиялары енгізілген. Сабақтың бағдарламасы «Мен кіммін» тәрізді өзін өзі түсіну құралдарынан басталады. Тренингке қатысушылар өздерінің икемін айқындауды үйренеді, содан кейін сыртқы және ішкі шектеулерді (қауіп пен таптаурын) және мүмкіндіктерді анықтау бойынша технологияларға, сондай-ақ ең төменгі деңгейдегі шектеулер мәліметі жөніндегі әдістемеге ие болады. Одан ары селфбренд концепциясын әзірлеп, өз брендін жүзеге асыру стратегиясын қалыптастыруды үйренеді. Сонымен бірге бағдарламаға өзін өзі ұйымдастыру, өзін өзі тәрбиелеу жаттығулары (жалқаулықты жеңу), жұртшылық алдында сөз сөйлеу, жарнама, PR, GR, ивент менеджмент (оқиғаларды ұйымдастыру) және фандрайзинг (демеушілерді іздеу) технологиялары бойынша ортаны, модульды ұйымдастыру модульдері енеді. Қорытынды блокта селфбрендті сату құны, продюссерлеу және әдістері бойынша сабақтар бар.
- Иәәә, селфбрендинг шеберлігін меңгеру үшін шыдамдылықты шыңдау керек екен...
- Әрине. Тұлғаның брендін қалыптастыру өте ауыр жұмыс. Және нәтижесі де салмақты, тұлға брендінің жоғары құнын береді. Сіздің атыңыздың өзә сізге айтарлықтай табыс, ықпал және мол мүмкіндіктер береді. Қолы босамайтын және шыдамсыздар үшін біздің Селфбренд коучинг қызметіміз бар, онда біз клиентпен бірігіп, оның селфбрендинг стратегиясын әзірлейміз. Клиентпен бірігіп айқындаған оның икемді саласын дамыту стратегиясын зерттеу және әзірлеу үшін біз қажетті зерттеулер мен өлшемдерді ұйымдастырамыз, қызметкерлердің бірқатарын тартамыз.
Бұл өте қызықы жұмыс. Біздің қызметтерімізді жоғарыда айтып өткендей, қоғамның зияткерлігі жоғары тобы тұтынатын болғандықтан, олардың мақсаттары әрдайым қызықты, күрделі әрі ауқымды. Біз клиенттің жоспарларын, мақсаттарын және армандарын толыққанды жүзеге асыру үшін күш-жігерін өзіндік уәжділіктің, табандылықтың, шабыттанудың және жақтаушыларын тарту көзіне айналдыру үшін оны қалыптастырамыз. Кейде тапсырыс берушінің өтініші бойынша, бастық туралы ақпараттың негізгі өткізгіштерінің бірі ретінде басшылардың көмекшілерінің жұмыстарын қайта құруға да қатысамыз. Егер салмақты басшының көмекшісі селфбрендинг технологиясын меңгермесе, онда басшы оған жалақыны босқа төлейді. Өйткені ондай адамның автоматты түрде темекіге жүгіріп барып келетін адамға айналуы оңай. Өзіңнің айналаңдағы адамдарды сауатты ұйымдастыра білу керек.
Егер клиент одан ары дамығысы келсе, біз Селфбренд продюссингті ұсынамыз. Бұл қызмет те бірнеше блоктардан тұрады. Мысалы, қажетті танысуларды ұйымдастыру. Біздің ұйымымыз компаиямыздың қатар алып жүретін жобаларымен бірыңғай серіктестік желісімен және Әлем қоры халықтық дипломатияның халықаралық ұйым желісімен ынтымақтастықта. Бұл желі әлемнің дамыған мемлекеттерінде 50 жылдан астам уақыт бойы әрекет етіп келеді, олардың басшылары конгрессмен, мемлекеттік басқарудың негізгі органдарының жоғарыда тұрған басшылары болып табылады. Біздің компаниямыздың бастығы «ҚР Әлемдік қоры» АГБОФ Төрағасының міндетін атқарушысы болып табылады. Біздің серіктесе ұйымдастыруымызбен шақырылған Қытайдағы Құрылыстың экс министрі, бүкіл Қытайдың Мэрлер кеңесінің төрағасы, конгрессмен Ван Готау Қазақстанға іскери сапармен келді. Ол Алматы қаласының әкімімен, «Самрұқ Қазына» ӘАҚ басшысы Қ.Н.Келімбетовпен және ҚР үкіметінің өкілдерімен кездесті. Бұндай деңгейдегі қонақтарды біз жыл сайын, бірнеше делегация бойынша қарсы аламыз. Сондай-ақ біздің компаниямыздың «Қазақстанның іскери таныстық» клубы атты жобаны жүзеге асырып келе жатқанына 5 жылдан астам уақыт болды. Бұл жобаның қатысушылары ШОБ кәсіпорындарының және ірі компаниялардың атқарушы менеджмент иегерлері, Қазақстанмен экономикалық және мәдени ынтымақтастық үшін жауапты елшілердің өкілдері, Қазақстанның ғылым, мәдениет, экономика және мемлекеттік басқару саласындағы табысқа жеткен элитасы, сондай-ақ біздің жобаларымыздың бірі болып табылатын «Қазақстанның Мәртебе залының» лауреаттары.
Біз клиентіміздің мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардағы аймақтық және халықаралық салалық бағдарламаларына, әкімшіліктердің аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаларына енуіне көмектесеміз.
- VIP листинг дегеніміз не?
- Бұл халықаралық www.VIPlisting.biz, www.VIPlisting.org, www.VIPlisting.kz интернет ресурстарындағы листинг. VIP листингті тұтынушылар өздерін бүкіл әлем бойынша халықаралық корпорациялар басшылығына, бизнесті дамыту жөніндегі департаменттерге, озат компаниялар мен ұйымдардың HR департаменттеріне инвестициялық-тартымды қызметкер ретінде үздіксіз ұсынылып отырады. Сондай-ақ VIP листинг тұтынушылары ай сайын өздерінің дамуы туралы есеп алып отырады.
VIP листингтің міндеті тұлға, ұйым, аймақ және мемлекет беделінің бағалау құнын және инвестициялық тартымдылығын арттырудың тиімді құралына айналу. Яғни адамның аты жөні осы тізімге енгеннен кейін, өзінің иегеріне қомақты табыс әкелетін брендке айналады. Қазақстанда біз бұл жобаны www.VIPlisting.biz интернет ресурсының базасында жүзеге асырамыз. VIP листинг бұл тартылатын инвесторлардың деңгейін, аймақтық қамтылуын және мәртебесін арттыратын халықаралық жоба болып табылады. Адам немесе компания туралы мәліметті VIP листингке енгізу рәсімі кезінде құжаттарды тексеру, нарықты талдау және өзі маманданған кәсіби ортаны тексеру арқылы клиенттің мәліметінің анықтығы алдын ала тексеру көзделеді.
- VIP листинг бизнесте әлеуметтік желіні қалыптастыруға әкеп соқпай ма?
- Мұндағы технология басқа. Әлеуметтік желі – бұл аккредиттелмеген өнім. VIP листинг – 100% аккредиттелген өнім. Біз сатып алушылардың алдындағы әрбір сөзіміз үшін жауаптымыз.
Біздің міндетіміз – Қазақстанда селфбрендтердің листингтік кеңістігін қалыптастыру. Біздің мақсатымыз Қазақстанды көрсету. Ұлтжанды болып табылатын біз үшін шекарамыздан тыс жерлерде біздің лайықты отандастарымыз бен олардың бизнестегі табыстары туралы ештеңе беймәлім болғандығы өте ренішті. Егер біз Қазақстанда селфбрендтердің бірқатарын қалыптастырмасақ, шетелдіктердің мемлекетіміз туралы пікірі Президентіміздің беделіндегі деңгейде тұра береді. Әлем кеңістігінде мемлекетімізден шыққан VIP-қызметкер неғұрлым көп болса, мемлекетіміздің рейтингісі жоғары, әсіресе, шетелдік инвесторлар үшін еліміз тартымды мемлекетке айналмақ.
- Бұл жағынан мен сізбен келісемін. Біз өзіміздің отандастарымыздан гөрі шетелдік топ-менеджерлер мен олардың табыстары туралы көп білеміз. Және де мұнда әңгіме өзі басқарып отырған компанияның айналымында емес…
- Дағдарыс селфбренді бар компанияның осы кезеңде тік тұрғандығын көрсетті. Тіпті, егер Стив Джобс әлемді жыл сайын жаңалықтармен таңқалдырмаса, онда ол Apple-мен байланыстырылмай, барша әлем таныған Джобсқа айналмас еді.
Заманауи адам үшін өзінің тартымдылығын, өмір сүру деңгейін және болашағын басқара алатындығын сезіне білгендігі маңызды. Оны барынша толыққанды ететін жобалар, технологиялар және бүтіндей ұйымдастыру желілері бар. Аты-жөніңіздің әсемдігін, мансаптылығын және өсуін ашуға талпыныңыз
Ализа Шайх - «SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігі» Бас директорының орынбасары.
Текст: Ғазиза Жаппарова
Суреті: Иван Мельник
Стилі: Айнұр Рыспекова
Журналдағы нұсқасы...
Ализа Шайх. Сіздің атыңыздың әсемдігі мен мансаптылығы.// Совет Директоров. №8 (51), қыркүйек, 2010.
- Ализа Шайх. Өзіміз таңдайтын тағдыр.// Бизнес и власть, 02.11.2012
- Рустем Адамбаев.Сыбайлас жемқорлық па немесе GR ма?//z001.kz 13.11.2012
- Қазыбек Шайх.Бойыңызда GR кәсіпқойлықтың болмағанына ешқашан да көзіңізді жұмып қарамаңыз!!!//Меридиан. №2, 2012
- Қазыбек Шайх. Қазақстан шенеуніктерінің болашағы.//VIPlisting.biz. 05.09.2012.
- Ализа Шайх. Қыздар басқарып келеді!!! GR-технология табысы мол әрі мейірімді күйеу жасау мүмкіндігі.//VIPlisting.biz. 30.08.2012.
- Қазыбек Шайх. Project management элементтері GR (үкіметпен байланыс) құралы тәрізді.// «Орта Азиядағы жобаларды басқару» атты екінші халықаралық форум. Жаңа технологиялар». 2012 жылғы 3-5 мамыр.
- Шайх Қазыбек. Жаңа заманауи Жібек жолының құрылысы Чунциннен басталуы тиіс.// CCTV.com, таңғы жаңалықтар. 08.12.2011.
- Қазыбек Шайх. Кросс-селлинг -әйелдер ойлап тапқан «үстеме пайда».// Женщины Восток-Запад. №9-10 (108-109) қазан-қараша 2010