2008 жылдың 7 қазанында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі жылдың үздік оқытушыларын марапаттады. Линчевская Тамара Абуевнаға, Миразова Аягүл Төреқызына, Сәкенова Рахима Бөлекбайқызына жетістіктері және мемлекетімізді дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз» Альманахының Сертификаты тапсырылды. www.808.kz порталындағы «Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз» Интернет-Альманах жобамызда Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қызметкерлерімен қатар үздік оқытушылардың өмірбаяндары жарияланады.