Адамзат қоғамында мансап адамзаттың алға қойған мақсатына қол жеткізу барысында өзінің уақыты мен ресурстарын үнемдеу прагматизмі және қалауы нәтижесінде пайда болды. Ресурстар мен мүмкіндіктердің қоғам иерархиясының (азшылық) жоғарғы жағына шоғырлануы және ресурстардың пирамида негізіне бірқалыпты орналасуы ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға, әлеуметтік тұрақтылыққа және қоғамның тұрақтылығына әкеп соғады. Сондай-ақ кез келген қоғамдағы элитаға деген аксиологиялық көзқарас қоғамның бір жерде тұрмайтындығына, ал иерархиялық күрестің ішіндегі процестер элитаны пирамиданың негізіне анағұрлым бағыттай отырып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Шағын энергетикалық және уақыттық шығын кезінде жоғары мансаптық мәртебе орындаған міндеттеріңіздің нәтижесін арттырмақ. Басшының шешетін мәндеттері де айтарлықтай көп, бұл, өз кезегінде, басшының материалдық игіліктерді жылдам әрі көп жинауына әкеп соқтырады. Пирамиданың шыңына неғұрлым жоғары көтерілсеңіз, шешімдер қабылдау және жүйенің дамуын бағыттау мүмкіндігіне соғұрлым ие боласыз, яғни сіздің өзіңізді-өзіңіз жетілдіру мүмкіндігіңіз артады. Пирамиданың шыңына материалдық игілік қана емес, сондай-ақ ақпараттық ағындар да шоғырланады. Сондықтан да басшылар үнемі білімдерін жетілдіреді, олардың білімдері шоғырландырылған әрі өзекті, ал өмірі анағұрлым мәнді де сәнді.
Мансаптық өсу адамның қоғамдағы әлеуметті мәртебесімен және оның беделімен тығыз байланысты.
Кеудемсоқтық, мансаптық табыстарға және өзінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға қабілетті қасиеттері бар адамдарға деген сұраныс күн санап артып жатыр.
Саяси элита мен бизнес жекеменшіктері ақша мен уақыттарын табыс қуаты жоқ, уәжі түсініксіз және белгілі бір әлеуметтік мәртебесі жоқ адамдарға салып, ақшасы мен уақыттарын тәуекелге салғысы келмейді.
Әлеуметтік мәртебе және бедел, сондай-ақ біздің жеке тиімділігімізді арттыру құралы туралы сөз болғанда, біз сіздің селфбрендингіңіз туралы әңгіме қозғамақпыз.
Селфбрендингті ойдағыдай жүзеге асыру өзіңіздің жеке өмірлік мақсатыңызды құрылымдауға, өзіңіздің артықшылығыңызды, мүмкіндіктеріңізді және осалдығыңызды айқындауға, өміріңіз бен әлеуметтік мәртебеңізді ұйымдастыруды құжаттауға, стейкхолдермен қарым-қатынас жасауға, әлеуметтік қатынастар жүйесін, жеке уәжділік жүйесін, өзін-өзі тәрбиелеу және өмірді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сауатты селфбрендингтің арқасында сіз мансаптық болашағы бар, инвестициялық-тартымды адамға айналасыз.
Селфбрендинг курсы бойынша арнайы дайындық барысында адамның жай ғана сезінбейтін кейбір жағдайлары, сол жағдайлардың өмірімізде қаншалықты үйлесімді орын алатындығы және болып жатқан оқиғалар жақсылықтың нышаны болып табылатындығы туралы баяндаймыз.
Мысалы: жұмыс беруші мен қызметкер байланысы жөніндегі әлеуметтік институттарды қарқынды дамытуда барлық адам көп нәрсені сезе бермейді. Осыны көрелік:
жұмыссыздарға арналған еңбек биржасы – еңбек биржасы – жұмысқа орналастыру орталықтары – қызметкер таңдау жөніндегі агенттік – мансап орталықтары – «бас алушылар» агенттігі – адамзат ресурстары жөніндегі халықаралық желі.
Әрине, «еңбек биржасы» сақталған, бірақ олар жалақысы жоғары жұмысқа орналастыру құралы және адамның әлеуметтік мәртебесін арттыру тетігі ретінде емес, халықты әлеуметтік қорғау тетігі ретінде әрекет етеді.
Расында да орын алып жатқан процестерді көрген маңызды. Жұмыс орнын іздеу назарының бағалы кадрларды іздеуге көшкендігін байқаймыз, әрі бұл процесс жаһандық ауқымды қамтып келеді. Қазір жұмыс берушіге бағалы кадр қажет. Бағалы кадрды іздеу үшін берілетін ақы мыңдаған долларларды құрайды.
Басқаша айтқанда, сіздің селфбрендіңіздің нарықтық құны жоғары болса, сізге әлемнің кез келген мемлекетінен жақсы жұмыс тауып беретін бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар мен ұйымдар табылады.
Сондай-ақ кадр жұмысы үшін жауапты ұйымдар мен компания органдарының өзгеріс қарқынын көруге болады:
Жұмысқа қабылдау жөніндегі бөлім (бухгалтерлік қызмет бөлімшесі) – кадрлар бөлімі (әкімшілік басқару бөлімшесі) – адамзат ресурсы жөніндегі бөлім (HR) (әкімшілік басқару бөлімшесі) – HR басқармасы жеке бюджеті, бухгалтериясы және заң қызметі бар бірнеше басқармалардан тұрады – HR басқармасына өзгелерінен басқа, халықаралық бөлім де енеді.
Еңбек нарығының барлық жүйесі әрбір адамға мол мүмкіндік әрі мол таңдау береді.
Осы мүмкіндіктердің бәріне қол жеткізудің кілті – бұл адамның мансаптық бақыты мен оның жұмыс беруші органдарымен қатынас жасау әдістемесі және рәсімдерін меңгеруі.
Құрметті оқырман енді өзіңіз үшін шағын тесттен өтіп көріңіз. Өзіңіздің дайындығыңызды және балаларыңызды мансап нарығында бәсекелестікке едәуір даярлауға мүмкіндік беретін қарапайым сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Селфбрендинг әдістерінің қайсысы сіздің бойыңызда бар?
2) Сіз селфбрендбук құрылымы мен оның құжаттамасын білесіз бе?
3) Сіз VIPлистингтің қатысушысы болып табыласыз ба?
Егер сіздің жауаптарыңыз сұраққа ұқсас болса, демек бәрі жақсы деген сөз. Селфбрендинг технологиясын меңгермей-ақ сіз көп нәрсеге қол жеткізген екенсіз, ал тиісті түрде ол технологияға ие болсаңыз, өзіңіздің ішкі мүмкіндіктеріңізді көбірек жүзеге асыра аласыз, сіздің өсуге деген кеңістігіңіз бар, бұл ең бастысы.
«Директорлар кеңесі» журналына немесе
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
е-mail-іне дәл қазір хат жазыңыздар, біз көптеген қызықты әрі пайдалы нәрселер туралы айтып береміз.
Қазыбек Шайх- «SHAIKH» Креативті Шешімдер Агенттігінің» Бас директоры
Журналдағы нұсқасы
Қазыбек Шайх. Сіз кімді қызықтырасыз?// Совет Директоров. №7 (50), 2010
1-ші бет...
2-ші бет...
3-ші бет...