Дүниежүзінің 110 мемлекетінен жиналған жоғарғы сынып оқушылары 6 шілде күні Астанада өтетін халықаралық математика олимпиадасына дайындалып жатқанда, Қазақстанның төменгі сынып оқушылары уақыттарын бос өткізіп жатқан жоқ. Екінші және төртінші сынып аралығындағы нақты ғылым саласындағы ең үздік мамандар үш күндік «Бастау» математикалық турниріне қатысу үшін Алматыда бас қосты.
ТІЛДӘШ БИТУОВА, «ДАРЫН» РҒПО-ның ДИРЕКТОРЫ:
- Математика пәнінен біздің төменгі сынып оқушыларымыз дүниежүзі бойынша 7-ші орында келеді. «ТIMC» ұйымының тәуелсіз сарапшылары мектептерді аралап, осындай қорытындыға келді.
«Дарын» республикалық орталығының өкілдері болашақта дәл осы балаларды жоғары сынып оқушыларына арналған «ересектердің» турнирінде көруді жоспарлап отыр. Білім сайысына түсу үшін қай мемлекетке жөнелтілетіндігі әлі белгісіз. Алайда бұл жыл, олимпиаданың эстафета жалауы тәрізді толығымен Қазақстанға тиесілі, Бременде өткен бұрынғы сайыстарда біздің балаларымыз әділ-қазыларды расында да таңқалдырды.
ТІЛДӘШ БИТУОВА, «ДАРЫН» РҒПО-ның ДИРЕКТОРЫ:
- Өткен жылы сегіз қызыл медаль алдық. Соңғы кездері балаларымыз барған жерінен сыйлықсыз оралмайтын болды.
Дүниежүзі оқушылары дәстүрлі түрде бұл тектес сайыстарға 6-8 сыныптарда қатысады. Бірақ, елімізде алты, тіпті, бес жастан бастап жетістікке жеткен балалар «Ұлт болашағының» арнайы тізіміне тіркеледі. Ғылымның ықтимал көшбасшыларын арнайы ұйымдардың жас кезінен бастап қанатына алуы бекер емес.
АЛИЗА ШАЙХ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ТАРТЫМДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ» ЖОБАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл бетке республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары тіркеледі, содан кейін бұл мәліметтер президент, үкімет, халықаралық корпорациялардың әкімшіліктеріне түседі. Бұл ұйымдар сол балаларды елеп-ескеріп, үздік оқытушыларды тартып, шәкіртақы ұсыну үшін....
Бүгін бұл балалар жарыстың мәнін әлі жете түсінбейді. Олар үшін жарыс білімдерін саралаудан гөрі ойын тәрізді. Дегенмен оқытушылар қазірден бастап оларға көп үміт артады.
Юлия Золкина, Ялқұнжан Әшімжанов, «Алматы» ТА.