Селфбрендинг тақырыбын алдыңғы басылымда бастаған болатынбыз. Бұл басылымды сіздің қалауыңыз (құрал ретінде) бен бизнесіңіздің табысы (нәтижесі ретінде) арасындағы байланысқа арнағымыз келеді.
Өзіміздің қалауымызды айқындаудың белгілі бір жүйесін білмей тұрғанда біз не істейміз:
- Біз қоршаған адамдардың пікіріне тәуелдіміз. Ол бізге мүлдем жаманшылық ойламай, бізге тән емес бір нәрсе айтуы мүмкін.
- Біз уақыт мүмкіндігін тиімсіз пайдаланамыз.
- Біз қолымыздағы ресурстарды тиімсіз пайдаланамыз.
- Біз тартып, пайдалана алатын көптеген ресурстарға қол жеткізу мүмкін емес.
- Біз өзімізді қоршаған адамдардың өмірі мен қарым-қатынастарын басқара алмаймыз.
- Біз өзімізге сенбейміз.
- Бізде тұрақтылық және іштей тыныштық жоқ және біз денсаулығымыз бен беделімізді жоғалтамыз.
- Біз өмірімізге мән бере алмаймыз, сол себепті өміріміз мәнсіз өтуде.
Қаржыгер немесе заңгер ең беделді мамандықтар екендігін естіген, алайда ол салаға мүлдем қызығушылық танытпай, қаржы және кредитке немесе заң факультетіне түскен адамдардың тарихы біздің бәрімізге аян. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жұмыс іздеп жүргенде заңгер немесе қаржыгер болудың беделді екендігін білетіндер көп екендігін түсінеді. Әрі еңбек нарығында бұл сегменттегі бәсекелестік тым жоғары. Адамдар сән қуып, қомақты күш пен ақша жұмсап, банкке қызметке тұрады. Банкте неғұрлым көп қызмет етсе, бұл саланың өздеріне тән еместігін соғұрлым көбірек түсіне бастайды. Оларды өздерінің жұмыстары, жұмыс істеуден рухани қанағаттанбайтын адамдардың шытырман оқиғалары ашуландырады, сол себепті өздерін мансап қуу соғысын жүргізіп, өсек-аяң айтып, өзінің жұмысы мен жауапкершілігін басқа біреуге жүктеп өздерінің көңілдерін көтереді. Көпшіліктің пікірі өзгере береді, арнайы білімі жоқ адамдар сол пікірге немесе сәнге бағынып, өздерін шоу бизнесте сынап көреді, содан кейін бірден жылжымайтын мүлік саудасымен айналысып кетеді, одан әрі оларды саяси қызмет қызықтырады, сөйтіп-сөйтіп кете береді де, зейнетақы жасына жеткенде көп сынақтан өтіп, бірақ, еш жерде ешқандай жетістікке жетпей, өмірін қайта бастау керек болады.
Адамның қалауын анықтау клиенттің селфбрендингін әзірлеудегі маңызды кезеңнің бірі болып табылады.
Клиенттер бұл туралы ойланып, бірақ жауабын таппағандықтарын, жалпы пәлсапалық мәселелер туралы ойлануға уақыттың жоқтығын айтады. Дегенмен, бұл сұрақты қарастыру барысында клиент әрдайым бұның пәлсапалық сұрақ қана емес, оның мәнінің жоғары екендігі туралы қорытындыға келеді. Бұл сауданы арттыру, бизнес серіктестерімен (құрылтайшыларымен) және өзінің саяси ықпалы мен мансаптық өсуін күшейтуді мақсат еткен клиенттермен қарым-қатынас құру мәселесін қарастырып жатқан клиенттерге де қатысты.
Өз қалауын айқындау құрылымы.
Сіздің ерекшеліктеріңіз (уәжділік, психологиялық, педагогикалық, дене және шешім қабылдау әдісіңіздің ерекшеліктері).
Ішкі мүмкіндіктер (кепілдік, қабілет, дарын, кәсіби мүмкіндіктерді айқындау, өзін-өзі дұрыс бағалай білу және талаптану деңгейін құру).
Ішкі шектеулер (қауіп, қымсыну, шектеу модельдері мен мінез-құлық сценарийлері).
Клиенттің өмірі, қызметі өтіп жатқан қоғамның (мәдениет, ұйымдастыру жүйесі, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі басқару тетіктері) ерекшеліктерін түсіну.
Клиенттің өзі стейкхолдер мен референттерді айқындайды.
- Селфбрендинг концепциясын құру. Ішкі және сыртқы месседжді қалыптастыру.
- Селфбрендинг стратегиясын құру. Ресурстарды айқындау. Ерік-жігер мен қоршаған кеңістіктің өмірлік стратегия мақсаттары мен міндеттеріне бағынуы.
- Клиенттің қалауын әзірлеу.
Ең қызықтысы.
Ең қызықтысы, өз қалауыңды жасау туралы білім алу автокөлік жүргізіп үйренуден қиын емес. Шамалы теория, шамалы тәжірибе, шамалы тәртіп болса, сіз әрдайым өзіңіз үшін қызмет ететін технологияны иемденесіз, оны балаларыңызға, олар өздерінің балаларына бере алады, сөйтіп, сіз ұрпағыңыздың тарихын қалыптастырасыз.
Құрметті оқырман қауым, кең тақырыпты бір мақалаға сыйғызу өте күрделі. Соған қарамастан, біз тақырыбымызды сіздердің қойылатын сұрақтарыңызды талқылаудан бастаймыз. Сіздердің нақты сұрақтарыңызға жауап бере отырып, біз нақты тақырыпты дәлірек, кеңейтіп тарата аламыз.
Сұрақтарыңызды Совет Директоров журналының редакциясына немесе
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
е-mail-іне жіберіңіздер.
Біз сіздің беделіңіз үшін жұмыс істейміз.
Қазыбек Шайх - "SHAIKH" Креативті шешімдер агенттігінің " бас директоры.
Қазыбек Шайх. Сіздің қалауыңыз және бизнесіңіздің табысы.// Совет директоров. Маусым 2010 №5 (48)
Журналдағы нұсқасы...
1-ші бет
2-ші бет
3-ші бет