Тренингте тұлғаны одан әрі дамту стратегиясын таңдауды айқындау (белгілі бір тұлғаға ғана тиесілі ішкі ерекшеліктер мен қалаулардан туындап отыр) бойынша мынадай маңызды мәселе қозғалды: көптеген кәсіпкерлердің көзге түспеуге тырысатындығы дұрыс па? Яғни БАҚ-қа өздерін жарияламай, танымал емес әрі елеусіз болып қалғылары келеді.
Алдымен бұл мәселенің туындауын зерттеп көрелік.
Бүкіл өркениетті әлемде, адамдар бірнеше басты себептермен «көзге түскілері» келмейді екен:
- Олардың кәсіптері қылмысты (қылмысты бизнестен түскен пайдаға құрылған немесе жауапты тұлғаның жемқорлық әрекеттерінің нәтижесінде құрылған бизнес).
- Кәсіп иегерлері соңына түсіп алудан және қылмыскерлер, бәсекелестер мен шенеуніктер тарапынан көрсетілген өктемдіктен қорқады.
- Қоғамдық дәстүр. ТМД мемлекеттері тұрғындарының бәрі «Кеңес империясынан» шыққан. КСРО – бұл үкіметтің өзіндік дәстүрлері, иерархия жүйесі мен өзіндік басқару әдісі бар тоталитарлық жүйедегі қоғам, мемлекет. «Рұқсат етілген» тізімге бағынбаған, «бөлектенгендерді» қатаң жүйе жаншып отырған. Қоғам дамуының сол кезеңіндегі жағдайда «еленбейтін» миллионерлер дәстүрі мәселесі мен оны қалыптастырудың тарихи тұрғыдан «кулуарлық» әдісі пайда болды. Бұл жабық қоғам басқа да жабық жүйелер тәрізді өздерінен анағұрлым күшті бәсекелестермен және әлемдік дағдарыспен соқтығысып, экономикалық және саяси тәуекелдерді әртараптандыру жүйесі болмағандықтан ұзақ тіршілік етпеді, бірақ, дәстүр едәуір бейтарап және «көзге көрінбей», істі «кулуарлықпен» жүргізу көптеген адамдар үшін іс жүргізудің дұрыс әдісі болып табылады деп қабылдануда.
Біз бүгінгі нақты өмірде, жаһандану, барлық сала мен нарықтағы халықаралық бәсекелестік жағдайында өмір сүріп отырмыз. Бұл бүкіл дүниежүзілік мемлекеттер, әсіресе, анағұрлым дамыған елдер пайдаланатын тиімді технологияларды есепке алуымыз тиіс дегенді білдіреді. Қазақстанның БСҰ және Кедендік одаққа енуі осы үдерістердің барлығын дерлік жылдамдатуға итермелеп отыр.
«Көзге көріну» керек пе немесе керек емес пе деген мәселені бизнестің даму болашағы аспекітісіндегі өзіміздің болмысымыз тұрғысынан қарастырып көрелік.
Қазақстанның БСҰ-ға енуі біздің мемлекетімізге шетел бизнесін ашады.
Қазақстанның БСҰ-ға енуі құжатқа қойылған қол ғана емес, бұл жаһандық бәсекелестердің құқықтарын қорғайтын біздің заңнамамызға енгізілетін өзгерістер, бұл дамыған компания мамандары үшін өтетін шекара, бұл бәсекелестік нарықтық емес, әкімшілік тетіктермен жүзеге асырылатын біздің бизнесіміздің үлеске, лайлы тендерге, «ағашкаларымызға» бөлінбеуге жасалатын жағдай.
Сондай-ақ өз мүмкіндіктерінің кеңеюі екендігін түсінбейтіндер, өзгергісі келмейтіндер мен қорғанысқа ғана бағытталғандар БСҰ-ға кіруден қорқатындығын түсіну керек.
Өз бизнесі мен жеке мүмкіндіктерінің табысын арттырғысы келетіндер үшін БСҰ орасан зор мүмкіндік береді.
Мәселен, көп адамдар нарыққа мықты компанияның келуінен қорқады. Шындығында да, алғаш қарағанда бәрі қорқынышты болып көрінеді.
Біздікімен салыстырғанда олардың жарнамаға, қызметкерлердің жалақысына, қызметкерлердің сапасына, менеджментке, қалыптасқан логистикалық жүйелерге жұмсалған бюджеті, «қомақты» қаржысы сескендірмей қоймайды.
Десек те, олардың беймәлім немесе жаңа нарыққа ену әдістерін қарастыралық.
Олар барынша прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан түзетілген болады. Дағдарыс кезеңі жағдайында көптеген салиқалы кәсіпкерлер уақытты, қаржыны шығындауға байланысты және ұзақ мерзімді бәсекелестік күреске қатысудан болатын ықтимал тәуекелдерді төмендеткісі келеді. Мұндағы ең жақсы әдіс дайын ресурстармен жұмыс істеу, нарықтан жергілікті күшті ойыншыны тауып, оны күшейту (қаржымен, кадрлармен және басқа да мүмкіндіктермен).
Мұндай стратегияда ойыншының жеке және кәсіби сапалары, оның беделі, кейде оның туыстық немесе өзге де бейресми байланыстары үлкен рөл атқарады. Тіпті, қаржы мүмкіндігінің рөлі де төмен, өйткені оны мүмкіндіктерін күшейтетін компания қамтамасыз етеді.
Осы тұрғыдан қарағанда, «көзге түсу» «өзіңнің жолыңды ашу» дегенге көбірек келеді немесе сыртқы көз ресурстарын пайдалана отырып, өзіңнің жеке брендіңнің көмегімен өзіңе жаңа мүмкіндіктер ашу.
Әрине, сізге тиімді селфбрендинг беретін барлық мүмкіндіктерді бір мақалада қамтып көрсете алмаймыз. Селфбрендинг тақырыбын ашу жөніндегі бұл біздің алғашқы мақаламыз.
Бірақ, «Директорлар кеңесі» брендтік журналымен бірлесе отырып, келесі басылымдарда біз сіз үшін селфбрендинг және сіздің беделіңізді күшейту бойынша сауатты жұмыс істеу мүмкіндіктерін ашамыз.
Серіктестер мен бизнес комиссарларды іздеудің халықаралық жүйелері қалай жүмыс істейтіндігі, нарықтық құны жоғары және қажетті селфбренд болу жолдары туралы толығырақ айтатын боламыз.
Өзіңіздің селфбрендіңіздің нарықтық құнын арттыру үшін жұмыс істеңіз, іскери табыс және жеке игілігіңіз бен бақытыңызға қол жеткізу құралы ретінде өз беделіңізді дұрыс арттыра біліңіз.
Біз әрдайым сіздің беделіңіз үшін жұмыс істейтін боламыз.
Қазыбек Шайх - «SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігінің» бас директоры.
Қазыбек Шайх. Таңдау: Көзге түспеу немесе өзіңнің жолыңды ашу.// Совет директоров. Мамыр 2010 №4 (48)
Журналдағы нұсқасы...
1-ші бет
2-ші бет
3-ші бет