Дағдарыс көптеген жақсы нәрселерді де жасап кетті. Ол сіздің және бизнесіңіздің әлсіз жақтары мен жағымды экономикалық және әлеуметтік сальдо тұрғысынан табысты болып қала беру технологияларын көрсетті.
Игілігіңіздің табыстылық, сақтау және дамыту құралдарының бірі ... сіздің беделіңіз болып табылады.
Нарықта бастықтарының беделі жоғары компаниялар дағдарыс кезінде көп шығынбағандығын, ал кейбіреулері, тіпті, дағдарыс кезінде өркендегендігін де дағдарыс көрсетті.
Алайда көп бастықтар беделдің не екендігін түсіне бермейді.
Көптеген адамдар компанияның нарыққа ұсынысы тәрізді бедел де табысқа жету технологиясы құралдарының бірі екендігін, тіпті, түсінбейді де.
Компанияның нарыққа ұсынысының қажеттілігі мен компания табыстылығының арасындағы өзара байланысты бәрі біледі, десек те, нарықта бір бәсекелесің болса да, өзіңнің қорыңнан бастықтың беделі тәрізді жаңа құрал ойлап табуың керек, бұл соңында қорытынды рөл ойнайтындығын бәрі дерлік біле бермейді.
Сол себепті, компанияны дамыту бойынша жоспарлама немесе ой талқыға қатыса отырып, компанияны дамытуды талқылау компанияның өнім желісі айналасында ғана құрылғандығын байқаймыз, ал бизнесті дамыту және компания тұрақтылығының стратегиялық құралы ретіндегі бастық беделі туралы ешқандай әңгіме болмайды.
Бедел бизнесте ғана емес, отбасында да маңызды.
Көптеген адамдар беделді өз қызметі барысында өзінен-өзі пайда болатын жанама өнім ретінде қабылдайды. Беделді табысқа жету құралы немесе технологиясының бөлшегі ретінде қарамау оғаш ауытқушылыққа әкеп соғады. Адам жұмыста сыйлы, бірақ отбасында оның пікірін ешкім тыңдамайды, сөзі отпейтін болады немесе керісінше, үйде шешім қабылдайтын адам да, жұмыстағы қалпы әріптестерінің кекесініне қалады және жалақысы мүлдем көтерілмейді.
Бедел мен мансаптық табыстың өзара байланысын талқылау, күн мен жарықтың байланысын талқылағанға теңдей болады.
Сондықтан әрбір ата-ана беделді дамыту туралы білімді өзі ғана меңгеріп қоймай, сол білімді балаларына ата-ананың батасы ретінде ғана емес, олардың бүкіл ғұмырын экономикалық және әлеуметтік игілікпен қамтамасыз ететін мұрагерлік тәрізді меңгерту керек.
Беделді дамыту технологиясын меңгеру – Не істеу керек?
Бұл бағыттағы алғашқы қадам – бір нәрсе өзінен-өзі жасалады деген қиялдан арылу керек.
Бір нәрсенің дамуын мақсатты түрде басқармаса, оның нәтижесінде уақыт тым созылып кетеді немесе ол қалағанынан тым қашықта болатындығын тәжірибелі бастықтар біледі.
Сондықтан кейде біз жоғарыда талқылағандай, адамның құрметі мен беделінде ауытқушылықтар болып жатады.
Адамзат өміріндегі барлық нәрсе тәрізді бедел де экстенсивті және интенсивті тәсілдермен қалыптасады:
- Экстенсивті тәсіл – бұл сапасыз өсу негізінде беделге ие болу. Көбінесе, уақытты созу және ақша есебінен беделді болу. Яғни, жұмысты уақыт бірлігіне ешқандай ерекше капитал салымын салмай жүргізу, ғылымның, маркетинг, менеджмент, әлеуметтану және психология саласындағы білімін әлсіз пайдаланумен және тиісінше, уақыт көрсеткішіндегі төменгі нәтижелермен сипатталады.
- Интенсивті тәсіл жаңа білім мен технологияларды әлеуметтік коммуникацияда меңгеруді және пайдалануды, жаңа, анағұрлым тиімді дағдыларды, мәртебелік керек-жарақтарды, коммуникация ортасын меңгеруді ұйғарады, яғни жаңа білім мен әлеуметтік құралдарды меңгеру есебінен уақыттың әрбір минутын және өз беделі мен оның мүмкіндіктерін дамытуға инвестицияланған әрбір теңгені бірнеше мәрте қайтаруға тырысады.
Бұл саладағы білім Америка мен Батыс Еуропаның ең бәсекелес экономикасы мен қоғамында дамып, «Селф Брендинг» (self branding) деген атаумен қалыптасты.
Селф брендингті имидж мейкингпен (image making) шатастырмаған жөн, дағдарыс қарсаңында имидж қалыптастыру ғана жеткіліксіз екендігін қазіргі заманның жаңа талаптары көрсетті, кешенді қызмет пен экономикалық құрам – инвестицияның беделге экономикалық қайту қабілеті қажет.
Сонымен, «Селф брендинг» дегеніміз не екен?
- Бірінші кезекте, бұл – келісілген холистикалық ұйымның әдістерін үйрену және пайдалану: арнайы дағдылар, әдіс-тәсілдер, әлеуметтік институттармен, бұқаралақ ақпарат құралдарымен (БАҚ) және беделді қалыптастыруға бағытталған жеке және кәсіби, кәсіби және әлеуметтік ортамен қарым-қатынас (әлеуметтік мәртебелік бедел) ерекшеліктері негізінде қалыптасатын қарым-қатынас.
- Екінші кезекте – өзіңнің беделіңді (жеке брендіңді) қаржыға немесе басқа да активтерге айырбастау әлеуетін қалыптастыру: оған бедел бағасы (name valuations) мен селф брендингке қаржы ресурстарын тарту әдістері енеді.
- Үшінші кезекте, селф брендингтің тізімі емес, мәні бойынша – бұл адамнан жайлы өмір, уақытты қабылдау, жеке ерекшеліктер мен әлеуметтік жағдайды арманды жүзеге асыруға қажетті ресурс ретінде талап ететін пән.
Қазақстанда Селф брендинг технологиясын «SHAIKH Креативті шешімдер агенттігі» дамытуда. Агенттіктің командасы Қазақстанда 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Агенттіктің негізі қаланған сәттен бастап агенттік республикалық және халықаралық дәрежедегі бірақатар іс-шараларды жүзеге асырды, ҚР парламентіне шығудағы таңдаулы жобалар, сондай-ақ Қазақстан бизнесі үшін инвестиция тарту бойынша жобалар сәтті жүзеге асырылды. Селф брендинг пен VIPлистинг (Қазақстанның мәртебе төрі, Қазақстанның мәртебе төрі лауреаттарының комьюнитиі және «Қазақстанның іскери таныстық» клубы) интернет ресурсы құрылды.
Агенттіктің ұсынатын қызметтері:
- VIPлистинг;
- Селф брендинг стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру жөнінде кеңес беру;
- Дербес селф бренд продюсинг;
- Селф брендингтің тиімділігі үшін ақпараттық-коммуникативті орта (БАҚ-пен өзара әрекет ету қызметі) және таныстық ұйымдастыру;
- Селф бренд продюсер ретінде біліктілікті арттыру және дайындау;
- Селф брендинг үшін фандрейзинг роад думаны бойынша кеңес беру және ұйымдастыру.
Агенттіктің мақсатты аудиториясы:
- Бизнестің табыстылығын арттыру және инвесторларды іздеу үшін технологияға және тұлғаларға қызығушылық танытқан бизнес басшылары мен иегерлері.
- Балаларының табысын (мансабын) жылдам әрі тұрақты қалыптастыруға қызығушылық танытқан ата-аналар.
- Өздерінің тың ойларын, шығармашылық өнімдері мен жобаларын дамытуға (тапсырыс берушілерді, инвесторлар мен сатып алушылдарды іздеу) қызығушылық танытқан тұлғалар.
Біз сіздерді жаңғыртамыз және бұны жаңа тұрғыдан әрі шын ниетпен жүзеге асырамыз.
Қазыбек Шайх - «SHAIKH Креативті шешімдер агенттігінің» Бас директоры.
Журналдағы нұсқасы
Қазыбек Шайх. Дағдарыстан кейінгі өмірді жоспарлау.// Женщины Восток-Запад. № 9-10 (98-99 )желтоқсан-қаңтар 2009-2010
Бет1
Бет 2
Бет 3